Газза: 1,5 миллион түрмеде
2006 жылдың ақпан айында Палистинада өткен  сайлау науқанының ертеңіне, Израил Газзаға бір қатар саяси және экономикалық  санкциялау шараларын жүзеге асырды. 2007 жылы осы санкциялау шаралары тағы да күшейтілді. Газза ауа жолдарынан, қара жол және теңіз жолдарынан қоршауға алынды. Адамдардың және сауда саттық құралдардың кіріс шығысына тиым салынды. Израил 2008  желтоқсан айында бастап 2009 жылдың қаңтар айына дейін 22 күнге созылған «Төгілген оқ оперциясы» арқылы, Газзаның барлық тіршілік көздерін кесіп, ауыл шаруашылыққа тиімді жерлерді, оқу орындарын, жұмыс орындарды және де тұрғын үйлерді жермен жексен етті.


Осы күнге дейін 1,5 миллион  Палистиналықтар ашық аспан астында түрмеге қамалып өмірмен қарбаласуда.  Газза халқының 72%-ы ашаршылықтың зардабын шегуде, бұлардың 65%-ы  сәбилермен жасөспірімдерді құрауда. Жасөспірімдердің 10%-ы физикалық дамудан шектен тыс қалып отыр. Біріккен Ұлттар бұл жағдайды «төзімсіз жағдай» деп тұжырым жасауда.


2010  жылдың мамыр айында, 6 халықаралық азаматтық топтар ұйымдарынын -İHH İnsani Yardım Vakfı, Free Gaza Movement, European Campaign to End the Siege on Gaza, Ship to Gaza Greece, Ship to Gaza Sweden ve The International Committee to Lift the Siege on Gaza-бастауымен, осы ұйымдардың бағыштан жиналған қаражаттарының арқасында 6000 тонналық халық жәрдемін Газзаға жеткізу мақсатында эскада құрылды.


Эскада халық жәрдемімен бірге 750 ерікті белсенділерді өзімен қоса алған еді. Германия, Кувейт, Израиль, Ирландия, Швеция, Греция, Оңтүстік Кипр, Морокко, Йемен, Египет және Алжир сияқты 37 мемлекеттен келген белсенділер арасында он бестен астам мемлекеттік қызметкерлер, алпыстан астам халықаралық журналистер тобы, сонымен қатар өнер адамдары, нобель иегерлері де бұл эскада да орнын алған еді.


Израилдің қарапайым азаматтарға шабуылы
Мамыр айының 30 жұлдызында  6 кеме  Defne, Gazze I, Eleftheri Mesogios, Sfendoni, Challenger 1 ve Mavi Marmara-  Кипр жағалауында жолықты. Мамыр айының 31  таңға таяу Газзаға бағыт үстанған эскадаға Израил қарулы күштеріне қарайтын   4 фрегат (3діңгекті соғыс кемесі), 3 вертолёт, 2 теңізасты және 30 зодиак катерлерімен шабуыл жасады. Таңғы сағат 4:32 де Газза жағалауына  73 мил қашықтықта халықаралық теңэз жолында, құрал саймандарын жабдықтап дайындап отырған Израил әскерлері эскаданың жол бастаушы Mavi Marmara кемесіне  оқ жаудырды.; әскерлер пластикалық және шын патрондармен қарусыз азаматтарды көздеді.


Сегіз түрік азаматы, бір ұлты түрік америка азаматы болған 9 қарусыз бесенді өлтірілді. 56 адам ауыр жарақат алды. Кемеде болып жатқан тікелей хабарларды толығымен тоқтатты. Бірақ Израил әскерлерінің сезбеген басқа бір таспадан тікелей хабар жалғасын тапты және де бүкіл дүниежүзі Израилдің қатыгез шабуылына куә болды,
Белсенділердің барлығы ашық палубаға шығырылды, қолдарын байлады;тамақ пен су берілмеді, әжетханаға да баруғу рұқсат етпеді, жеке заттарына қол сұғылды. 750 белсенді өз қалауларынын тыс ұсталғанына қарамастан, Израилге рұқсатсыз кірді деген жаламен қамауға алынды. Кемелер Тел Авив қасындағы Ашдод қаласындағы портқа орналастырылды. Белсенділер кемеден біртіндеп полициялар қарауында қолдары кісенделіп шығарылды. Бұл жерде барлық жолаушылардың үсті басы қайта қайта тіңтілді.  Барлығындан күшейтілген сақшылар бақылауында фотобейнелерін, саусақ іздерін алды, тергеуг жасалды, артынша барлық белсенділерді Беершева түрмесіне әкетті. Бірбірімен хабарласуларына немесе сыртқа телефон соғуға рұқсат етілмеді.
Белсенділер қауырт дипломатиялық іс шаралардың және халықаралық қоғамдардың көзқарасы нәтижесінде екі күннен кейін босатылды.


31 Мамыр туні  Mavi Marmara кемесінде болған жайт Палистинада болып жатқан жағдайлардың қысқаша мазмұны сияқты.  Психикалық және физикалық қаталдыққа душар болу, еріксіз қамауға алыну, жаралану, аш қалу, ешкімнен хабар алалмау, ешкімге хабар береалмау, өлтірілу....


Палистинада адамдар ұзақ жылдар бойы осылайша өмір сүруде.